“Қазпоштаның” жоғалған сәлемдемелерді төмен бағаға сатып жатқаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде "Қазпошта" жоғалған сәлемдемелерді төмен бағаға сатады деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: qazpost.kz
"Қазпошта” АҚ желіде тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мұндай ұсыныстарға сенбеңіз және жеке деректеріңізді ешкімге хабарламаңыз. Егер осындай хабарламаларды көрсеңіз немесе күмәнді сілтемелермен бетпе-бет келсеңіз, дереу біздің ресми байланыс орталығымызға хабарласыңыз: 1499”, – делінген хабарламада.
-
Қазақстанда енді “Қазпошта” сәлемдемелерін SMS және QR код арқылы үшінші тұлғалар да ала алады
-
"Сыйақы алуға ұяламын": "Қазпошта" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Компания мекенжайы дұрыс көрсетілмеген сәлемдемелер жіберушілерге кері қайтарылатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында "Қазпошта" қызметкерлері 80 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны туралы жазған едік.