Жыныстық қатынаспен айналысқан ер мен әйел 9-қабаттан құлап кетті
Санкт-Петербургте ер мен әйел жыныстық қатынасқа түсіп жатқан кезінде 9-қабаттың балконынан құлап кетті. Олар жерге құлағаннан кейін әйел қайтыс болды. Ал ер адам орнынан тұрып, кетіп қалды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Фонтанка» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, оқиға шілденің 5-іне қараған түні орын алған. Оқиғаны өз көзімен көрген жергілікті тұрғын болған жайт туралы құқық қорғау органдарына хабарлапты.
Оқиға орнына жеткен полицейлер сол жерден қайтыс болған әйелдің денесін көреді. Оның жанында сынған теледидар мен еден шуғыш жатқан.
Кей мәліметтер бойынша, әйел 4 ер адаммен бірге ішімдік ішкен. Артынша терезенің жанына барып, олардың бірімен жыныстық қатынасқа түсіпті. Олардың бір-бірімен әуестенгені сонша, тепе-теңдікті жоғалтып, құлап кеткен.
Куәгер оқиға жайлы айтты.
"Сағат 00:05-те 9-қабаттан теледидар құлап түсті. Оның артынан екі адам құлады. Мен оларды сәл бұрын көргем. Олар ішімдікке мас болған. Әйел басымен жерге құлады. Ер адам бұта арасымен құлаған секілді. Ол осылайша аман қалды. Ол есін жиып, полицейлер мен жедел жәрдем келгенде орнынан тұрып жүріп кетті", - дейді куәгер.
Жергілікті тұрғынның айтуынша, кештің тағы бір қатысушысы еден жуғыш таяқпен жедел жәрдем қызметкерін ұрған.
"Үшінші адам жедел жәрдем қызметкеріне таяқ лақтырды. Әйел шешілген шалбармен болды. Осыдан соң ер мен әйел жыныстық қатынас жасасқан деген пікір туды. Мен мұны шындығында білмейді екенмін", - деді ол.
"Өз денесінен тыс болу": Ғалымдар өлер алдында адамның не сезетінін айтты >>>