Жиналыста жұмысшыларын балағаттаған Қазақстан темір жолындағы басшының қызметі өсті
Фото: ktzh-gp.kz
Жиналыста балағат сөз айтқан “ҚТЖ – Жүк тасымалы” ЖШС-нің бас директордың орынбасары Асан Үмбетов қызметінде өсіп, серіктестіктің бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қазақстан темір жолы” мен еншілес компанияларда басқару командасын одан әрі күшейту және қызмет тиімділігін арттыру мақсатында кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде “Қазақстан темір жолы” компаниясының онлайн-жиналысынан түсірілген бейнежазба тараған болатын. Онда Үмбетовтің қызметкерлеріне дөрекі және балағат сөздермен сөйлегенін байқауға болады.
Пойыз жолсерігі мен бастығы ҚТЖ бақылаушысын соққыға жыққан (видео)
“ҚТЖ – Жүк тасымалы” ЖШС басөпсөз қызметі локомотив шаруашылығы жөніндегі компаниясы локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасарымен корпоративтік этиканы сақтау қажеттігі туралы түсіндіру әңгімесі өткізілгенін хабарлаған еді.
Асан Үмбетовтің қатысуымен болған бейнежазбаға премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да пікір білдірді. Ол оқиғаның болғанын растап, Үмбетовпен түсіндіру жұмысы жүргізілгенін және оның бәрін түсінгенін айтты.
Артынша Асан Үмбетов өзі де атышулы бейнежазбаға түсініктеме берді. Ол бұл жағдайдан үлкен сабақ алғанын айтты. Кейіннен оның қызметте қалғаны белгілі болған.

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
