Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жын шығармақ болған: Жас қызбен сүйіскен дін қызметкері жұртты ашуландырды (видео)

Желіде шіркеу қызметкерінің жас қызбен сүйісіп тұрған видеосы тарады. Видео авторы «дін қызметкері жұмыс үстінде» деп жазған. 

Жын шығармақ болған: Жас қызбен сүйіскен дін қызметкері жұртты ашуландырды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігің Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде тараған видео кадрларынан Зимбабведегі шіркеулердің бірінің дін қызметкері өзге адамдардың көзінше жас қызбен сүйіскені көрінеді. Артынша екеуі қолдарымен біртүрлі қимылдар жасап, қайтадан сүйісуге кіріседі. 

Шіркеу қызметкері осындай әдіспен қыздың бойындағы жынды шығармақ болыпты. 

 

Мұндай рәсім желі қолданушыларын ашуландырды. Олар шіркеу қызметкерінің қулығына ашуланып, полиция тергеуге алуы керек деп жазған. 

«Егер дін қызметкерлері осындай болса, ақырзаман таяп келе жатқан болар», «Мұндай сұмдық болмауы тиіс. Бұл шіркеу қызметкерін темір тордың арғы жағына жіберу керек», - деп жазды ашуланған пікір қалдырушылар. 
 

Талқылау