Жылжымайтын мүлік үшін 450 миллион: Үкімет "сән-салтанат" салығының шегін анықтады
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин “сән-салтанат салығы” бойынша жаңа деректерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: onlinezayavkanacredit.ru
Жұманғарин "сән-салтанат салығы" бойынша тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынатынын жеткізді.
“Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр. Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады”, – деді ол мәжіліс отырысында.
Сондай-ақ салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар