Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылдамдықты асырғандарға жаңа айыппұл: Ішкі істер министрлігі ақпаратқа байланысты пікір білдірді

жол ережесі жаңа айыппұл

Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі желіде “камералар жылдамдықты 66 км/сағаттан бастап тіркей бастайды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде пайда болған жазбада:

"Жүргізушілер, назар аударыңыздар! Бүгін түннен бастап (00:00-ден кейін) камералар 66 км/сағаттан асса, тіркей береді. Мен әдетте 68–69-бен жүремін. Енді 68 немесе 70-пен жүрсеңіз, автоматты түрде 19 000 теңге айыппұл келеді. Абай болыңыздар, жүйені артық ақшаға толтырмаңыздар", – делінген.

Желі қолданушыларының бірі бұл ақпаратқа сенсе, енді бірі жалған деп есептеуде. 

Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. 



"Түннен кейін "жылдамдық 66 км/сағаттан аспау керек" деген хабар – фейк. Ондай өзгеріс енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін жылдамдық нормасы бұрынғыша 60 км/сағат. Камералар 70 км/сағаттан асқанда ғана тіркейді", – деді министрлік.

Ведомство сондай-ақ тек ресми ақпаратқа сенуге, тексерілмеген хабарламаларға ермеуге шақырды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 12:05