"Жылап қалдым": Мөлдір Әуелбекова ұлына арнап әсерлі жазба жариялады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының айтқан сөзінен кейін, көз жасына ерік бергенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ұлы мен қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.
“Қос қанатым! Салтайым 2-сыныпқа, Аққызым балабақшаға қадам басты. Балаларымыздың қадамдары нық, сәтті, берекелі болсын", – деп жазды эстрада жұлдызы.
-
"Арқа сүйейтін азаматты іздейсің": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті
Одан кейін әнші ұлы Салтаймен түскен суреттерін бөлісіп, баласының өзіне айтқан сөздерінен кейін көз жасына ерік бергенін жеткізді.
"Салтай бүгін “Анашым! Қарындасыма өзім қамқор боламын! Алаңдама!” – деді. Жылап қалдым", – деп жазды әнші.
Еске салайық, "Қызыма Даун синдромы диагнозы қойылды" деп Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте ана атанған сәтін есіне алған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"