"Жыл сайын айып тағылады": Баян Алагөзова "Қазақ аруы" байқауына қатысты пікір білдірді
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы” байқауы әділ өтпеді дегендерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Медиа маманы дауыс әділ саналмады деген пікірді жоққа шығарды.
“Байқау аяқталғаннан кейін түсініспеушілікке тап болдық. Адамдар “әділ өтпеді, дауыс беру боты жұмыс істемеді” деп жатыр. Дауыс берушілер саны өте көп болды. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі әділ өткені жайлы дәлел бар. Байқау өткен залда интернет дұрыс істемеді. Ондағы халық, яғни 700 адам дауыс бере алмады. Бірақ қалған 65 мың адам дауыс берді", – деп түсіндірді продюсер.
-
"Әлем аруы" халықаралық байқауына Қазақстан атынан Мадина Әлмұханова қатысады
-
"Әлі де сене алмаймын": “Miss Qazaqstan – 2022” байқауының жеңімпаздары әсерлерімен бөлісті
Сондай-ақ арулар төңірегіндегі байқаудың арты үнемі дауға ұласатынын да жасырмады.
“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Байқаудың әділ өтпеуі бойынша жыл сайын маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар", – деді Алагөзова.
Еске салайық, "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы анықталған еді.