"Жыл сайын 1 миллион доллар мәһр береді": Танымал блогер Мадлен өзіне тоқал болуға ұсыныс жасалғанын айтты

Желіде Мадлен лақап атымен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева өзіне тоқал болу туралы ұсыныс жасалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер Instagram-парақшасында “Сұрақ – Жауап” айдарын жүргізіп, оқырмандарының сұрағына жауап берген. Жазылушылардың бірі Мадленнен блогер болмаса, қандай маман иесі болатынын сұраған.
“Әрине, тоқал болар едім! Қалжыңдап тұрмын”, – деді ол.
Сондай-ақ Мадлен өзіне екінші әйел болу туралы ұсыныс жасалғанын бөлісті.
“Жақында бір ер адам ұсыныс жасады. Ол Қазақстанда тұрмайды. Танысым. Оны мың жылдан бері танимын. “Қалталы” жігіт, жасы да үлкен емес. Жыл сайын 1 миллион доллар мәһр беріп, екінші әйел болуды ұсынды. Бұл қалжың емес. Мен бас тарттым. Мен үшін біреудің көлеңкесінде, екінші қатарда жүру – шек емес. Мен одан да жақсыға лайықпын”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал блогер Мадлен сұхбат бергені үшін ақша алатынын жасырмағаны хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
