“Жиһад жасауға шақырған”: Қазақстан азаматы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Қазақстан азаматы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі қарады.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы түрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттайтын материалдарды таратқан. Сонымен қатар ол террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру үшін адамдарды жиһад жасауға шақырыпты.
Түркия астанасы Анкарада теракт болды
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.
Прокурор соттан Т есімді азаматқа бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Қорғаушы мен сотталушы жеңілірек жаза тағайындауды сұрады.
Баспасөз қызметі соттың кінәні мойындау түріндегі жеңілдететін мән-жайларды белгілегенін түсіндірді.
"Сот Т-ны Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жыл бас бостандығынан айырды", – делінген баспасөз хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған 5 адамның ұсталғанын жазғанбыз.