Жігіттің сұлтандары: Қазақстандағы ең танымал 10 бойдақ (фото)
Жыл сайын әртүрлі басылымлар мен журналдар арулардың арманына айналған бойдақ жігіттер тізімін жариялап жатады. Әдетте мұндай тізімге ең бай, ең әдемі, ең танымал жігіттер кіреді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Біздің тізімге спорт пен шығармашылық саланың өкілдері енді. Танымал бойдақтар сұхбаттарында отбасын құрып, балалы-шағалы болғылары келетінін жиі айтады. Алайда, уақыт зымырап өткенімен, олардың ешқайсысы шаңырақ көтерер емес.
Бұл жайт жанкүйер қыздардың жүрегінде титтей де болсын үміт отын жағады. Ендеше талай бойжеткеннің арманына айналған ең танымал, үйленбеген (әзірге) жігіттердің тізіміне назар аударайық.
Әділбек Ниязымбетов. Боксшы, Олимпиада-2016 күміс жүлдегері (27 жаста)
Дмитрий Баландин. Қазақстандық жүзгіш, 2016 жылғы олимпиада чемпионы (21 жаста)
Нұрлан Батыров. Instagram жұлдызы, актер (34 жаста)
Василий Левит. Боксшы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы (28 жаста)
Денис Тен. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (23 жаста)
Әли Оқапов. Әнші, атақты әнші Роза Рымбаеваның ұлы (25 жаста)