Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жігіттер менсіз үйреніп қалған секілді": Азамат Зенкаев “Ninety one” тобына қайта оралуына не кедергі екенін түсірдірді

Азамат Зенкаев топқа не үшін оралмайдыФото: https://www.instagram.com/xciii.ix.xxviii

“Ninety one” тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев Зamandas-қа берген сұхбатында топқа қайта оралуына не кедергі екенін түсірдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, бұған дейін бұл тақырып қозғалмаған.

“Негізі менің топқа қайта оралуым туралы жігіттермен ақылдаспағанбыз. Менің топқа қосылғанымды жанкүйерлердің көбі де қалайтын секілді. Бірақ қазір төрт жігіт менсіз үйреніп қалған секілді. Оларға кедергі жасағым келмейді. Бірақ ұсыныс жасаса, мен қарсы емеспін”, – деді ол.

Ол жігіттермен бірге камбэк жасауды ойлап жүргенін жасырмады.

“Бұрынғы және қазіргі “Ninety one” болып концерт қойсақ күшті болар еді деген оймен жүремін. Алғашында бесеуміз, кейін төртеуі қалады, арасында жеке әндер шырқалады, соңында жаңадан жазылған екі әнмен аяқтасақ, халыққа өтетін еді. Осындай керемет шоу жасауға болады, бұл әрине үлкен жұмыс және тек менің ойымдағы дүние”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін A.Z "Ninety One" тобынан не себепті кеткенін түсіндіргені хабарланған еді.

“Топ құрылмас бұрын келісім шартқа қол қойылды, бірақ мен оның ішінде не жазылғанын білмеймін, оқымадым. Ерболат Беделхан бізге аға, ұстаз. Бізді дайындады, қанша еңбек етіп келіп, соңында әлдеқандай болып келісімшарт оқып отырмаймын ғой. Бастапқыда келісімшарт 8 жылға дегенде бәріміз тартынып қалдық. Кейін ұзағынан болсын деп келісіп, қол қойдық. Келісімшартты кетер кезде ғана оқыдым. Көп нәрседен көңілім қалды. Бірақ топтағы жігіттерде де, мен де кінә жоқ. Менің топтан кетуім екі жақты келісілген шешім болды. Бірақ қазір ойлап отырсам, дұрыс шешім қабылдамаған екенмін. Сол кезде кетпегенімде тағдырым сәл басқаша болар еді”, – дейді өнер иесі қиын кезеңдерді бастан өткізіп жатқанын айтып.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 23:55