Жігітімен сүйісіп тұрған суретін жариялаған Айсәуле Бақытбек жұртты ашуландырды (фото)
Белгілі продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбектің тұрмысқа шыққалы жатқаны белгілі. Бұл жағдайдан кейін көпшіліктің санасында оның күйеу жігітімен қарым-қатынасы туралы сауалдар арта түсті. Өз кезегінде Айсәуле желідегі оқырмандарынан қарым-қатынасы туралы қызықтыратын сұрақтарын жолдауын сұрады, деп жазады Stan.kz.
Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында көпшіліктен күйеуіжігітімен қарым-қатынасы туралы қандай сауалдар қызықтыратынын сұрады. Сондай-ақ ол жігітімен сүйісіп тұрған суретін жариялады.
Өз кезегінде дәл осы жайт желі қолданушыларын ашуландырды. «Әкең жынды болса, байлап бақ» дейді дана қазағым. Әкеңнің қадірін кетірмеші, өтініш. Мына суретті әкең көрсе не дейді? Соны ойладың ба?», «Желіге осындай суретіңді салмай-ақ қойсаң болмай ма?», «Бетсіз», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетсек, желі қолданушыларының денін Айсәуленің әкесімен қарым-қатынасы, неліктен әкесінің түрмеден шыққанын күтпегені туралы сауалдар қызықтырады екен. Алайда бойжеткен олардың сауалдарына жауап берген жоқ.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.