Жігіт атаулы Кәмшат Жолдыбаеваның жұдырығынан қорқып қалды (фото, видео)
Кәмшат Жолдыбаева спорттық киімге сәтсіз жарнама жасап, жаттығу кезіндегі суреттерімен жұртты шошытты.
Фото: instagram.com/aminokka/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Инстаграм парақшасында оқырмандары көп болғандықтан, Кәмшат Жолдыбаеваға жарнама туралы ұсыныс жиі келіп түседі. Алайда бұл жолы маркетологтардың ойлағаны жүзеге аспаған сыңайлы. Себебі, желі қолданушыларына әншінің киімді жарнамалау әдісі ұнамай қалды.
Кәмшат спорттық киімдерді жарнамалады. Қолындағы былғары қолғабы мен жартылай ашық киімі жұртқа жақпай қалды. Олар әншінің өзін де, үстіндегі киімін де әбден сынап алды. Тіпті, жігіттер жұдырығынан қорықса, қыздар мұндай киімі үшін тозаққа түсетінін тілге тиек етті.
“Спорт – денеге де, жанға да үлкен ләззат сыйлайды. Ал спорттық киімің әдемі болса, шынығу өз алдына бір мереке. Әдемі киіміңіз денеңіздің де әдемі шынығуына мотивация болсын!” – дейді Кәмшат Жолдыбаева.
Бұл сөздерден кейін желі қолданушылары керісінше мұндай киімді кимейтіндіктерін айтып жатты. “Масқара! Қыз басыңа жарасса бір жөн”, “Киіміңізді өзгерту керек. Отырған кезде ерсі көрінеді екен”, “Грушаны ұрғанының қаншалықты ерсі көрінетінін сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, “Кәмшат қуды! Осы қызға енді бокстың не керегі бар?! Әнін айтып, киносына түсіп жүре бермей ме? Жаттығу жасағысы келсе, басқа түрлері де бар ғой. Мақтаншақтық қой бұл”,
“Секеңдей бергенше тұрмысқа шықсаңшы”, “Осы Кәмшаттың елге әуретті жерлерін көрсетпесе басы ауырады”, “Ойбой, Кәмшат ханым, болашақ жарыңыз кешігіп келсе ұрып талдыратын сияқтысыз ғой” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыздар:
Кәмшат Жолдыбаева: Қиындықтарымды шешіп беретін “көкем” бар
Кәмшат Жолдыбаева ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары белгілі болды
Кәмшәт Жолдыбаева ашық киімі үшін өзін сынаған көрерменіне кеңес берді
Кәмшат Жолдыбаева: Баян, Бағым ханымдармен арамыз жақсы, соның арқасында жұмысым жүріп жатыр