Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақын достарын бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған.
“Жігертай мұның қалай болды?! Ұсталмай жүр едім, ақыры ұсталдым ғой. Бақытты бол енді. Бет ашамын деп ойламадым. Залға сәл кешігіп келдім. Той өлеңсіз болмайды. 1-2 әнімді дайындап отырғанмын. Су ішіп тұрғанда менің атымды айтып жатыр екен. Беташарға 22 мың теңгемді салдым. Қалғанын той шашуға берермін деп ойладым. Бір кезде маған бет ашқызды. Ашып қалғанда өзім де шошып кеттім. Ақ адам табылмады дедім. Өзім де ештеңені ұқпай тұрдым”, – деді Нұрлан Еспанов.
-
"Мінезіміз жараспады": Жігер Ауыпбаев алғаш рет жеке өміріне қатысты шындықты айтты
-
"Алла деген жазу шықты": Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсіріп жүргенде ерекше құбылысқа куә болды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің әс-әрекетін сынап жатыр.
“Ана қара қыз осындай рөлге намыстанбаған ба?!”, “Сау адамның тамағын іщіп, ауру адамның тірлігін жасапты”, “Келінді Қызылордадан алдым дей ме?!”, “Шын үйленгенде ешкім келмейді”, “Нұрлан ағамыздың түрі қашып кетті”, “Еріккендер есіріп кетті”, “Жігіттер, мына қылықтарың жарамады. Африкалық қызға күліп жатыр. Оның орнында жігіт болғанда басқаша болатын еді. Ұлттарды кемсіту болды”, – деп жазды көпшілік.