Жиһадшылар Сириядағы соңғы плацдармынан айырылды
“Сирия демократиялық күштері” деп аталатын оппозиция мен күрд жасақтарының коалициясы қазір қаланы миналардан тазарту жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлайды КТК.
Ракканы ақыры азат еткендердің қуанышында шек жоқ. АҚШ бастаған коалиция қарулы күштерінің бұлайша масаттануына себеп бар. Өйткені, Ракка ДАИШ лаңкестерінің астанасы деп жарияланған Сириядағы ең ірі шаһарлардың бірі. “Ефрат қаһары” деп айдар тағылған азат ету операциясын одақтастар мамыр айында бастаған болатын. Бес ай кескілескен ұрыстың арқасында олар содырларды түгел тықсырып отыр.
Қаланың қазір сау-тамтығы жоқ. Дегенмен, жиһадшылардың кеткенін естіген бейбіт тұрғындар үйлеріне қайта бастады. Ал Раккадан қашып шыққан экстримистер тобы Евфраттың жағалауындағы елді-мекендерге қарай бас сауғалаған. «Ислам мемлекеті» лаңкестің ұйымның бақылауында қазір Дамаск, Хомс пен Израильмен шекара маңында ұсақ елді-мекендер ғана қалған. Ірі қалалардың барлығын оппозиция мен үкімет әскері азат етті.
Тағы да оқыңыз:
Мыңдаған рохинджа босқындары Мьянманы тастап Бангладеш шегарасына өтті
“Ислам мемлекеті” Филипп Киркоровтың концертінде жарылыс ұйымдастырмақ болды
Көп балалы ана балаларын пешке жағып жіберіп видеочат арқылы әкесіне көрсеткен