Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда офицер оқ жарақатын алды

Жезқазғанда оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұлан офицері оқ жарақатын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жезқазғанда рота командирінің аяғынан оқ жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді. Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығы ақпаратты растады. 

"12 қыркүйекте жауынгерлік даярлық жоспары аясында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен полигонда атыс жаттығулары өткізілді. Қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде офицер аяғынан жеңіл жарақат алған. Оған сол жерде барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, өмірлік маңызды ағзалары зақымдалмаған", – делінген ресми хабарламада. 


"Бұл абайсызда болған жағдай емес": Маңғыстау полигонында көз жұмған сарбаздың әкесі министрге үндеу жолдады (видео)


"Орталық" өңірлік қолбасшылығы қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау