Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жетісу облысында мектеп қызметкерінен туберкулез анықталған: Ата-аналар оқу ордасының карантинге жабылмай жатқанына наразы

Фото: Stan.kz

Жетісу облысы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде, мекеме қызметкерінен туберкулездің ашық түрі анықталды. Осы жағдай ата-аналар арасында алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ата-аналардың айтуынша, бұл қауіпті жағдайға қарамастан, жергілікті билік тиісті шараларды қабылдамаған. Мектепте карантин жарияланбай, ғимаратта санитарлық өңдеу тек бір рет жүргізілген. Қазір мектеп жұмысы әдеттегідей жалғасып, ата-аналардың алаңдаушылығын тудырып отыр.

Облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, туберкулез белгілері мектептің еден жуушы қызметкерінен анықталған.

"Ақын Сара атындағы орта мектептің 187 оқушыға манту салынып, 37 (педагогтар, кіші қызметкерлер) адам Туберкулинге реакция анықтау сынамасы және флюра тексерілді. Тексеруден кейін 50 оқушы манту нәтижесі бойынша бейімді деп танылды. Мектепте күнделікті дизинфекция жұмыстары жүргізіліп отыр", – деді жауапты мамандар.

Ата-аналар мен қоғам белсенділері оқушылардың денсаулығын қорғау мақсатында қосымша шаралар қабылдауды талап етті.


Жаһандық жылынуға байланысты әлемде емі жоқ қауіпті зең инфекциясы тарайды – Ғалымдар


Ерлі-зайыпты коронавирус жұқтырудан қорқып төрт жыл бойы балаларын үйден шығармай қамап ұстаған


Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде балалар ауруханасының 13 қызметкері туберкулезбен ауырған медбикемен байланыста болғаны үшін қауіп тобына тап болған еді. 21 жастағы медбикеге ашық туберкулез диагнозы қойылды. Науқаспен қызметкерлерден бөлек облыстың түкпір-түкпірінен келген 769 бала байланыста болған. Олар 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін облыстық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдаған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 15:51
Талқылау