Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу ұлттық паркі аумағында олигарх жеке үй салған: әкім тексеріс жүргізілетінін айтты

Ұлттық паркФото: kogamdyk-kelisim.kz

Жетісу ұлттық паркі аумағындағы жер жалға берілетіндіктен, ешкім жеке қоныс сала алмайды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Жетісу ұлттық паркінде туризмді дамыту деген желеумен VIP-тұлғаларға арналған қоныстар салынып жатқанын жазылды, бірақ жергілікті билік бұл ақпаратты осы уақытқа дейін жоққа шығарып келді. Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов осындай қоныстардың бірінен бейнежазба жариялап, оның олигарх Бауыржан Оспановқа тиесілі екенін мәлімдеді. Журналист ұлттық парк аумағында жеке меншік объектілерін салуға тыйым салынған болса, бұл нысандардың салынуына кім және қандай құжат арқылы рұқсат берген деп сұрады.


 


"Ұлттық парк аумағында жекеменшік үй-жайларға рұқсат етілмеген. Біз бұл аумақта қандай да бір нысан салуға рұқсат бермейміз. Бұл мәселе Орман шаруашылығы және Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіретінде. Ол жерді тексеру керек, сатып алған жоқ шығар, жалға алған шығар. Менің білетінім бұл аумақ туризмге арналған. Қонақүй бар, атпен қыдыратын жер, балық аулайтын жері, маралдер жүретін жері бар. Адамдар барып ақылы демалады. Қарау керек, тексеру керек", - деді әкім.

Рая Мінәп
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 16:38