Жетісу облысында жүк көліктері соқтығысып, 16 көлік жанып кетті
23 тамызда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының 278 -шақырымында жол апатынан 16 көлік жанып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кешкі 18:15 шамасында болған. Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.
"Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр", – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Туысы олардың қалай бір-бірін тапқанын айтып берді
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен.
"Теннисті таңдауыма әкем себепкер болды, ал Еленаның жетістіктері – біз үшін үлкен мотивация" – Заңғар Нұрланұлы
Заңғар Нұрланұлы Australian Open–2026 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, Қазақстан теннисі тарихында мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы қазақ спортшысы