Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жер сілкінді

Ұлттық деректер орталығы Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелкенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Google Картадан скриншот

Деректерге сенсек, 26 қазан күні Астана уақытымен 11:24-те Лепсі ауылынан 30 шақырым батыста магнитудасы 3,6 балды құрайтын жер сілкінісі болды.

Энергетикалық класы – 8,3.

Айта кетейік, 24 қазанда мәжіліс отырысында Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Алматы маңында жер сілкінісі кезінде адамдар паналайтын шатырлы лагерь құру туралы жоспарын айтты. Оның айтуынша, бұл жер опырырылмайды және ол жарықтары жоқ үстіртте орналасқан. Онда кіретін жолдар бар және жақын жерде теміржол бар.



Еске салайық, бұған дейін 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.

Талқылау