Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам зардап шегіп, 4 адам мерт болды

Фото: Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі
Алматы-Өскемен тас жолының 462-шақырымында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
10 желтоқсан шамамен сағат 14:15-те Алматы-Өскемен тас жолының 462-шақырымында екі көлік жол апатына түсті.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA жүргізушісі ауа райы нашар кезде жолға шыққан. Қарлы боранда, мұзды жолдарда және көрініс шектеулі кезде тас жолмен келе жатып, қарсы бағыттағы көлікке шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам бірден қаза тапты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 23 жастағы фельдшер қаза тапты (видео)
Қылмыстық іс қозғалды, апаттың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Полиция қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Барлық жүргізушіні жолаушыларды тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық шектеулерін және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Тіпті жол қозғалысы ережелерін ұсақ бұзу да қайғылы және қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды