Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында енді жол қозғалысын полициядан бөлек жасырын көлік патрульдейді

Жетісу облысында жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және түрлі апаттық жағдайларға байланысты жол қозғалысын бақылаудың жаңа әдістері енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/zhetysu.police

Енді жолда патрульдік жасақтардан басқа, сәйкестендіру белгілерінсіз үш арнайы қызметтік автокөлік жүреді. Бұл көліктер жасырын патрульдеуге арналған. Ол заманауи "Кордон" фото-бейнетіркеу кешенінің көмегімен жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалап, бұзушылықтарды анықтайды.

"Кордон" кешені жылдамдықты асырып, қарсы жолаққа шыққандарды және жол белгілері талаптары мен жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркейді. Сонымен қатар бұл кешен көлік құралының санатын дербес анықтай алады және рұқсат етілген жылдамдықтан асып кету сияқты бұзушылықтар анықталған кезде автоматты түрде нұсқама жолданады”, – деп мәлімдеді Жетісу облысының полициясы. 

Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай технологияларды енгізудің басты мақсаты – өңір жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру, апаттар қаупін азайту және адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау. Жасырын патрульдеуді енгізу арқылы құқық бұзушылықтардың санын азайтуға және жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке келтіруге болады.

“Енді қарсы жолаққа шығу және жылдамдықты режимінен асыру сияқты өрескел бұзушылықтарға ерекше назар аударылады. Осылайша бұл шаралар барлық қатысушы үшін қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ апатты жағдайлар санын азайтуға бағытталған”, – делінген хабарламада.

Талқылау