Жетісу облысында екі полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты

Фото: ІІМ
Жетісу облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысы полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбеков жол апатынан қаза болған. Ішкі Істер министрі Ержан Сәденов олардың жақындарына көңіл айтты.
Тоқаев учаскелік полицейлердің еңбек өтілінің 1 жылын 1,5 жыл деп есептеуді ұсынды
“Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан полицейлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады”, – деп мәлімдеді министр.
Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді.
Еске салсақ, Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі