Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында 5 адам қаза тапқан жол апаты: Алқабилер жүргізушіге қатысты үкім шығарды

Фото: istockphoto.com

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты 5 адам қазақ тапқан жол апатына себепкер жүк көлігінің жүргізушісіне үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот мәліметінше, Volvo FH-Truck жүк көлігінің жүргізушісі Алматы – Өскемен тас жолымен келе жатып, қолайсыз ауа райы мен көктайғаққа қарамастан, көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шараларды қолданбаған. Соның салдарынан жүк көлігі жолды бөгеп қалып, оған үш жеңіл автокөлік соғылған. Нәтижесінде ол көліктерде отырған бес адам қаза тапқан.


Жетісу облысында 10 адам қаза тапқан жол апатына себеп болған көлікті жасөспірім басқарған

Қазақстанда бірқатар апаттардан кейін Toyota Alphard көлігіне тыйым салу ұсынылды


Сот процесі алқабилердің қатысуымен өтті, алқабилер жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты. Сот жүргізушіні 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте кіргені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сенбі, 11 Қазан, 2025 19:51
Талқылау