Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысы жаппай жарықсыз қалып, электр қуаты өшірілді

zamin.uz электр энергиясыФото: zamin.uz 

Жетісу облысында электр қуаты өшіп, жарықсыз қалды. Алайда әлі апаттық өшу себептері нақтыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"ТАТЭК" АҚ мәліметінше, жарықсыз отырғандар қатарында Талдықорған қаласының тұрғындары да бар. Сағат 14:00-ден бастап тұрғын үйлерде, инфрақұрылым нысандарында және әлеуметтік мекемелерде электр қуатының берілуінде ақаулар тіркелген.

Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша жарық толық қалпына келтірілмеген. Апаттық өшу себептері нақтыланып жатыр.


Қазақстанда екі қаланың тұрғындары аптап ыстық салдарынан жарықсыз қалды


Қытай электр қуатын жаппай өшіре алатын қаруды көрсетті


Еске салайық, бұған дейін Атырау облысындағы зауыттардың бірі электр қуатының жетіспеушілігінен миллиондаған теңге шығынға ұшырап отырғанын жаздық. Respublica партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысы Индер ауданына жұмыс сапары аясында мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров гипсокартон өндіру зауытының басшылығымен кездесіп, өндіріс дамуына кедергі келтіріп отырған бірқатар өзекті мәселені талқылаған. Зауыт директоры Жолдас Өмбетяровтың айтуынша, кәсіпорын апта бойы жарықсыз қалған кездері болған, бұл өндірістің тоқтауына және жабдықтың істен шығуына әкеп соқтырады.

Айым Атамбаева
Жұма, 01 Тамыз, 2025 17:11
Талқылау
`