"Жетісу" футбол клубының спорт директоры 5,5 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды
Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубының спорт директорына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “Жетісу ФК
“Жетісу” футбол клубының директоры Дәулет Иманқұлов футболшының еңбек шартына бонус беремін деген сылтауымен 5,5 миллион теңге бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған.
Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін "Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты