Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында ер адам көшедегі итті аяусыз атып өлтірген (видео)

Жетісу облысында ер адам көшеде итті аяусыз атып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, оқиға Көксу ауданының Балпық Би ауылында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жануарды атқан ер адамның есімі Ермек екен. 

Кадрлардан иттің адамға сеніммен құйрығын бұлғаңдатып жақындағанын, бірақ ер адамның көлігінен мылтық шығарып, итке екі рет оқ атқанын көруге болады. Көлігіне қайта мінгелі жатқан ер адам иіттің өлмегенін көріп, тағы екі рет атады.

Жергілікті тұрғындар полициядан қатыгездікті жасаған адамды тауып, заң аясында қатаң жазалауды сұрайды. Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, жануарларға қатыгездік көрсеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Полиция оқиға куәгерлерін оқ атқан адамды жауапқа тарту үшін кез келген ақпаратпен бөлісуге шақырады. 

Талқылау