Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті жасар қыз ішіне 88 мың доллар ақша салынған сөмкені терезеден лақтырып жіберген

Фото: Жасанды интеллект 

Мәскеуде жеті жасар қыз ішінде 88 мың доллар салынған сөмкені терезден лақтырып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Мәскеудің Мещан ауданында жеті жасар қыз терезеден анасының сөмкесін лақтырып жіберген. Сөмкенің ішінде жүз долларлық купюралармен 88 мың доллар болған. Басылымның мәліметіне сүйенсек, қыз анаcымен ұрысып қалып, одан кек алу мақсатында осындай әрекетке барған.

Ұшып кеткен ақшаның бір бөлігін жасөспірімдер жинап алған. Telegram-арналардың мәліметінше, табылған ақшаның бір бөлігін олар өздеріне алып қалып, ал қалған бөлігін жіберген. Көшеде қалған кейбір купюраларды құстар алып кеткен.

“Қазір тұмсығына ақша қыстырған қарғалар аң-таң болған тұрғындардың үстінен ұшып жүр”, – деп жазды РЕН ТВ арнасы.

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, жасөспірімдер 83 мың долларды алып, қалған ақшаны өртеп жіберген. Табылған ақша туралы олар ата-аналарына айтқан, ал ата-аналары ақшаны иесіне қайтару туралы шешім қабылдаған.

Ал РЕН ТВ-ның хабарлауынша, 5 мың доллар жан-жаққа ұшып кеткен, 83 мың доллар иесіне қайтарылған.

ТАСС басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап, 83 мың доллардың табылғанын да хабарлады. Алайда агенттік дереккөзінің айтуынша, ақша оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін ғана заңды иесіне қайтарылады.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 31 Наурыз, 2026 23:17