Жеті метрлік жылан бақшада жүрген әйелді жұтып қойды
Индонезияда жеті метрлік питон 55 жастағы әйелді жартылай жұтып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: The Sun
Мәліметке сәйкес, әйел бақшада көкөніс теріп жүргенде жылан шабуыл жасаған. Анасы келмей кеткен соң, ұлы соңынан іздеп, бақшаға келген. Жолда анасының жерде жатқан себетін көрген.
“Ол егістікте жүргенде үнемі уайымдайтынмын. Өйткені бұл жерден үлкен жыландарды көріп жүретінмін. Анам бала кезінен фермада жұмыс істеген соң, ештеңеден қорықпайтын. Әрқашан себеті жанында болды. Сондықтан бір жамандық болғанын жүрегім сезді”, – дейді марқұмны ұлы.
Ұлы басқа туыстарын шақырып, іздеуді бірге жалғастырған.
“Олар жәбірленушінің көкөніс жинаған себетін ғана тапқан. Ары қарай бақшаны аралап жүріп, анасын тапқан. Әйелді жылан орап алған. Ал басы жыланның аузында болған. Жәбірленуші әлдеқашан қайтыс болған”, – дейді полиция инспекторы Оне Харди.
Индонезияда әлемдегі ең үлкен жылан торлы питон мекендейді. Олардың ұзындығы жеті метрден асады. Жыландар күтпеген жерден шабуыл жасайды. Олжасын орап алып, тынысы тоқтағанша қысып жатады. Сосын оны толығымен жұтады.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда 22 жастағы жігіт жылан шағып қаза болғаны туралы жазған едік. Бірнеше сағат бұрын ол жыланның уынан көз жұмған 38 жастағы ағасының жерлеу рәсіміне қатысқан.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
