Жылан шағып көз жұмған ағасын жерлеуге барған жігіт оның тағдырын қайталады
Үндістанда 22 жастағы жігіт жылан шағып қаза болды. Бірнеше сағат бұрын ол жыланның уынан көз жұмған 38 жастағы ағасының жерлеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
22 жастағы Говинд Мишара мен оның туысы 22 жастағы Чандрашекара Пандей Бхаванипур ауылына жылан шағып қайтыс болған үлкен ағасын жерлеуге келген.
Сол түні бұл екі ағайынды да ұйықтап жатқанда жылан шағады. Нәтижесінде Говинд Мишара көз жұмып, Чандрашекар Пандей ауруханаға жеткізіледі. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.
Ресми статистикаға сәйкес, жыл сайын бұл елде төрттен бір миллионнан астам адамды жылан шағады, олардың 50 мыңнан астамы өлім құшады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"