Жеті елдің азаматтары АҚШ-қа ұшатын рейстерге жіберілмей жатыр
Egypt Air әуе компаниясы сенбі күні Нью-Йоркке ұшпақ болған бес Ирак және бір Йемен азаматын ұшақ бортына өткізбей қойды.
Бұл туралы Рейтер хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп виза беруді тоқтатқан негізінен мұсылмандар мекен ететін жеті елдің тұрғындары АҚШ-қа билет алатын және ұшатын кезде қарсылыққа тап болды.
Осылайша бірқатар әуетасымалымен айналысатын компаниялар Иран азаматтарын АҚШ-қа жіберуден бас тартқан. Etihad Airways, Emirates және Turkish Airlines компаниялары туристік агенттерден ирандықтарға АҚШ-қа қарай билет сатпауды, сонымен қатар америкалық визасы бар ирандықтарды да ұшақтарға отырғызбауды өтінген.
Qatar Airways әуе компаниясы тыйым салынған жеті елдің жолаушыларына Трамп бұйрығына сай, егер онда АҚШ-та тұрғылықты мекен-жайы немесе дипломатиялық визасы жоқ болса ұша алмайтындарын ескерткен. Бұл елдер – Ирак, Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан.
Бұған дейін Трамп белгісіз мерзімге дейін сириялық босқындарды және басқа елдерден келетін босқындарды қабылдамау туралы бұйрыққа қол қойған еді.
Осыған дейін “Оскар” сыйлығына үміткер атанған ирандық актриса Таран Алидусти Трампқа қарсылық ретінде АҚШ-қа барудан бас тартқан. Актриса аталмыш тыйымды нәсілдік кемсітушілік деп бағалаған.
Оқи отырыңыз:
Отбасын тастап кеткен әкесі өзін іздеп тапқан 14 жастағы қызын зорлап тастады
Ұйықтап жатқан курстас қызын зорлап тастаған студент жігітті түрмеге жапты
Қытайлық жігіттер ақшаға жалданып күйеужігіт ретінде қыздардың отбасымен танысады