Жергілікті өндірісті қолдау: Қарағанды облысы "Қазцин" кәсіпорнымен ынтымақтастықты кеңейтпек
Қарағанды облысы жергілікті өнімді өткізу нарығын кеңейтудің қосымша тәсілдерін іздеуде. Өңірге ірі тау-кен металлургиялық "Қазцинк" компаниясының делегациясы келді. Еліміздің түсті металлургиясы көшбасшыларының бірі қазірдің өзінде "Қарағандыда жасалған" маркалы өнімді, атап айтқанда, кен қазу жұмыстарына арналған бекіту, футерлеу, гуммирленген бұйымдарды пайдаланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіпшілері жаңа жеткізушілерді іздеуге келді.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және өңіраралық іскерлік байланыстарды дамыту.
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Арнайы киімнен бастап технологиялық жабдыққа, 3D-басып шығаруды пайдаланатын аддитивті технологияларға дейін жергілікті тауарлар мен шешімдердің кең спектрі ұсынылды.
Одан кейін дөңгелек үстел өтіп, онда ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
“Біздің облысымызды сіздер білесіздер, жергілікті кәсіпорындармен жұмыс істейсіздер. Өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері бар. Біз отандық ірі компаниялардың біздің облыстың тауар өндірушілерімен жаңа қарым-қатынас орнатқанына қуаныштымыз. Бізде импортты алмастыратын өндірістер бар, соның ішінде жоғары өңделген өнім шығарады”, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
"Қазцинк" ЖШС бас директоры Жанат Жанботин үкімет ірі бизнестің алдына экономика өсіміне қол жеткізу үшін елдің ішкі құндылығын арттыру міндетін қойып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сапар іскерлік байланыстарды кеңейтуге серпін береді.
“Бізге негізгі тауар өндірушілердің жетістіктерімен, бизнесімен танысуға мүмкіндік туды. Бұл өте жақсы тәжірибе. Iрi бизнестiң ел iшiндегi құндылығын арттыруға қатысуы біз үшiн шешушi болып отыр. Осыған байланысты импортты алмастыру жолымен жүру үшін жергілікті өндірушілермен жанасу нүктелерін іздестірудеміз. Осы кездесуден сенімді серіктестер табамыз деп күтемін. Ынтымақтастық үшін әлеует зор”, – деді Жанат Жанботин.
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Меморандум тараптардың қазақстандық қамтудың өсуін ынталандыруға дайындығын көрсетті.

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
