Жерде магнит толқуы басталды
Жексенбі күні Жердің магнитосферасында магнит толқуы басталды. Ғалымдардың айтуынша, магнит толқуы өте әлсіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап.

Толқудың пайда болуына 28 қазанда Күнде болған күшті Х жарқылы әсер еткен. Болжам бойынша, ол дүйсенбі күнінің жартысына дейін жалғасады.
Физика институтының Күн астрономиясы рентгендік лабораториясы сайтында көрсетілгендей, толқу өте әлсіз, G1 деңгейінде екен.
Лаборатория қызметкерлерінің айтуынша, мұның әсерінен энергетика жүйесінің қорғанысында жалған сигнал берілуі мүмкін. Ғарыш құрылғылары аз қуат жинаған себепті орбитадан шығып кетуі ықтимал екен.
Сонымен қатар спутниктік навигация мен төменжиілікті радионавигация жұмысында үзілістер болып, жоғары жиілікті радиобайланыста кедергілер орын алуы мүмкін.
Талқылау
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады