Жерде қуаты рекордтық деңгейге жететін күшті магниттік дауыл болады
Фото: Ru.freepik.com
Жерде сейсенбіге қараған түні қуатты магниттік дауыл басталды. Ғалымдар оның рекордтық деңгейге жетуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы Telegram-арнасында сейсенбіге қараған түні қуатты магниттік дауыл басталатынын айтты.
“Ресми түрде расталды. Жерде G4.33 деңгейіндегі планеталық магниттік дауыл болып жатыр. Негізгі сұрақ, алдағы бірнеше сағат ішінде магниттік дауылдың деңгейі соңғы 20 жылда бір-ақ рет, яғни 2024 жылдың мамырында ғана тіркелген ең жоғары G5 деңгейіне жете ме”, – делінген жарияланымда.
Сондай-ақ күн желісінің жалғыз дәл өлшенетін көрсеткіші – магнит өрісінің индукциясы тарихи рекордтарға жақын мәндерді көрсетіп отыр.
Кейін ғалымдар магниттік дауылдың G4.7 деңгейіне дейін күшейгенін нақтылады.
“Егер күн желінің сипаттамалары өзгермесе, онда ең жоғары G5 деңгейге 1-2 сағаттың ішінде жету мүмкін”, – деп болжам жасады ғалымдар.
Еске сала кетейік, 18 қаңтар кешке Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасында 2026 жылы Күнде тіркелген алғашқы ең жоғары Х санатындағы жарқыл туралы айтқан еді. Оқиға Күннің Жерге қараған көрінетін дискісінің орталық бөлігінде болды. Жарқылға X1.95 класы берілді.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады