Жер сілкінген соң Талғар мектептерінде сабақтар тоқтатылды
Жер дүмпуінен соң Алматы облысындағы Талғар мектептерінде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Талғар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 5 қарашада қаладағы мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылғаны туралы ақпаратты растады. Барлық 1-11-сынып оқушылары үйлеріне жіберілді.
"Бүгін Талғар қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы сабақтар тоқтатылды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске салайық, алматылықтар магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін сезген еді. Төтенше жағдай департаменті қазақстандықтарға не себепті жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келмегенін түсіндірді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі