ЖЭО-2-дегі №7 қазандықтың құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуі керек – Владимир Яблонский
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский ЖЭО-2-ге жұмыс сапарымен барды. Тексеру барысында ол №7 қазандықтың құрылысына тартылған мердігерге жұмыс қарқынын тездетіп, барлық ескертулерді тез арада жоюды тапсырды.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 жетінші қазандығының құрылыс алаңына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорымен бірге Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, "Өнеркәсіп жөніндегі комитетінің аумақтық департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы, ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық-энергетикалық қадағалау мен бақылау Ернар Хасенов, облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин барды.
“№7 қазандықтың "жер үстіндегі" құрылысы бойынша жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Қазандық қондырғыларын орнатуда сәл кешігу байқалады. Сондықтан қазан айының соңына дейін монтаждау жұмыстары аяқталады. Дегенмен осы жұмыстармен қатарласып іске қосу жұмыстары басталады. 2-ЖЭО құрылыс алаңы "AB Construction" сенімгерлік басқаруында. Оның мамандары №7 қазандықтың құрылысымен айналысады”, – деді "AB Construction" ЖШС мердігер ұйымының өкілі Тимофей Крайненко..
Сондай-ақ қазандық барабанын орнату кезінде процедураларды сақтау қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. ҚР Энергетика министрлігі Ядролық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Ернар Хасенов өз ескертулерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
“Барлық жұмыстар кестеге сәйкес кідіріссіз жүргізілуі керек. Қандай да бір сұрақтар туындаса, компания өз тарапынан қажетті қолдау көрсетуге дайын. Биыл №7 қазандық пайдалануға берілуі тиіс. Бұл қаланың жылумен қамтамасыз етілуіне және экологиялық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізеді, – деді "АБ Констракшн" ЖШС басшылығына сөйлеген сөзінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский.
ЖЭО-2-ні жылыту маусымына дайындау жоспарына сәйкес үш қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- №1 қазандықта күрделі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде ол 81 пайызға орындалды.
- №4 қазандық қондырғысы күрделі жөндеуден өтуде. Оған барлық қажетті жұмыстардың тізімі енгізілген. Соның арқасында жылу беру маусымында қазандықтың жұмысы тұрақты болады. Қажетті материалдардың басым бөлігі учаскелерге жеткізіліп, жұмыс 6 маусымда басталып, бүгінгі күні орындалу пайызы 8,1 пайызды құрап отыр.
- №5 қазандық қондырғысын жөндеу жұмысының басталуы 1 шілдеге жоспарланған. Алайда мерзімдер ертерек уақытқа ауыстырылды және маусым айында басталады.
Турбина цехында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, No3 турбогенераторды күрделі жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, №6 және №7 ыстық су қазандықтарына су тазарту жабдықтары, сорғы жабдықтары, №1 мұржа, жанармай беру жолы және вагонды самосвал күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Одан бөлек күшейткіш сорғы, қосалқы трансформатор және екі қоректендіргіш сорғы ауыстырылады. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аясында желілік су жылытқыштар жуылады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды