Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңістің 80 жылдығы: Астанада өтетін әскери шеруге 2,5 миллиард теңге бөлінбек

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Астанада әскери шеру өтеді. Шерудің ұйымдастыру жұмыстарына бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович мемлекеттік бюджеттен бөлінетін 2,5 миллиард теңгенің неге жұмсалатынын тізбектеп берді.

“Бұл қаражат жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, іссапар шығындарына, әскерлер қозғалысына және форма тігуге жұмсалады. Әскери шеру үш кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезеңде тарихи және заманауи бөлімнен тұратын жаяу шеруі экипаждары жүріп өтеді;
  • Екінші кезеңде механикалық техника жүріп өтеді;
  • Үшінші кезеңде авиация ұшып өтеді”, – деді Виталий Адамович. 

Сондай-ақ алғаш рет алаңда Қазақстан аумағында жасақталған әскери бөлімдер – 23 дивизия мен бригадалардың жауынгерлік тулары мен Әскери тарих мұражайында сақталған Т-34 танкіндегі Жеңіс туының көшірмесін алып өтеді. 


Тоқаев Жеңіс күнінде Мәскеуге шеруге барып Путинмен кездеседі


Шеру кезінде соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілері де көрсетіледі. Шеруге барлығы 4,5 мыңға жуық адам қатысады.

Бұған дейін Қарағанды облысында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы отан соғысы қатысушылары мен ардагерлеріне 3 миллион теңге берілетіні туралы жазған едік.

Талқылау