"Жеңісті асыға күтіп отырмыз": Ресей елшісі Астанадағы мерекеде әскери үгіт-насихат жүргізген
Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы Масленица мерекесі кезінде айтқан сөздерімен қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин өз сөзінде бұл соғысты 1945 жылмен параллель жүргізіп, "жақын арада жеңіс болатынын" мәлімдеді.
Ресей елшісінің сөйлеген сәтінен видео жариялаған журналист Рауль Упоровтың айтуынша, бұл мәлімдемелер Астанадағы Успен соборының аумағында жасалған.
"Сол кездегідей (1945 жылы), бәріміз осы жеңісті күтіп отырмыз. Асыға күтіп отырмыз. Мұның жақында болатынын айтқым келеді", – деді Бородавкин.
Дипломаттың бұл сөзі қоғамда әртүрлі реакция тудырды.
Еске салайық, бұған дейін Трамп Украинаға қарсы соғысты тоқтатуда Путинге жеңілдіктер жасауға тура келетінін мәлімдеді. Трамп Украина мен Ресей арасында бейбіт келісім жасау қиын болатынын мойындады. Соғыс туралы айта отырып, ол осының бәріне Украинаның НАТО-ға кіру перспективасы себеп болуы мүмкін екенін болжады.