Жеңіс Ысқақова өзінің шын есімін төлқұжат алатын кезде бірақ білген
Әнші биыл ұлына дүркіретіп той жасап бермек. Ол келінімен құрбысындай сырласатынын айтып жатыр. Мұнымен қатар, өзінің шын есімін есейген шақта бірақ білген тілге тиек етті.
Бұл туралы «Басты рөлде» бағдарламасында айтылды.
Жеңіс Ысқақова биыл келін түсіріп, ұлына дүркіретіп той жасап бермек. Ол болашақ келініне барынша түсіністікпен қарайтынын жеткізді.
«Замандастарымның құлағына алтын сырға. Келін – ол біреудің қызы, біреудің еркесі. Олардың отбасының өзінің дәстүрі мен тәртібі болған. Яғни бір отбасыға ол басқа тәрбиемен келеді. Оған кешіріммен қарап, қолдау көрсету керек. Келінмен дос болсаңыздар, жанұя жаман болмайды деп ойлаймын. Менің баламды сыйлап, жақсы көріп, оған қызмет қылған келіншекті мен барынша қолдауға тырысамын», – дейді Жеңіс Ысқақова.
Мұнымен қатар, әнші бала күнгі естелігін бөлісті. Ол өзінің шын есімін тек төлқұжат алатын кезде білген екен.
«Әкем мен анамның еркесімін. Бес баланың кенжесімін. Далада ұлдармен бірге ойнайтынмын. Кейін еркекшоралығым басылды. Аузымды жаппай үйде ән айтып жүремін. Мен Жеңісгүл болып жүрдім. Шын атымның Жеңіс екенін төлқұжат алатын кезде бірақ білдім. Метркеме қарасам, есімім «Жеңіс» деп жазылып тұр. Артынша өз есімім жақсы естілетіндей көрініп тұрды. Әкем кезінде мені «Шоқан» деп еркелететін. Кейде неге ер баланың есімін қойды екен деп күлкім келеді», – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Жеңіс Ысқақова марқұм Мәдина Ералиева туралы естелігін бөлісті
Танымал журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты
Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)
Танымал тележүргізуші Баян мен Тұрсынғалиді “жыл жұбы” деп атады (видео)