Жеңіс Ысқақова марқұм Мәдина Ералиева туралы естелігін бөлісті
Жеңіс Ысқақова марқұм Мәдина Ералиеваның батасын алғанын айтып мақтанды. Кезінде екеуі бір әнге таласып қалған екен.
Бұл туралы «Басты рөлде» бағдарламасында айтылды.
«Шәмші әндері» фестивалінің қарсаңында Жеңіс Ысқақова мен марқұм Мәдина Ералиева бір әнге таласып қалған екен. Артынша марқұм әнші сіңлісіне өзінің батасын берген.
«Сыр сұлуының» репертуарыма келуінің үлкен бір тарихы бар. Менің досым, сазгер Қалдыбек Құрманәлиев «Шәмші ағамыздың фестивалін өткіземіз. Соған бүкіл әнші Шәмшінің әндерін орындап жатыр» деген соң өзімнің «Сыр сұлуын» айтатынымды жеткіздім. Оны мектеп қабырғасынан бастап орындап келе жатқанмын. Оның үстіне өзім Сырдың қызы болғандықтан, осы әнді лайық көрдім. Марқұм Мәдина Ералиева апамыз Қалдыбекке««Мен ешнәрсе білмеймін. Ол әнді менен басқа кім айтатын еді?!» деген екен. Артынша оны менің айтқым келіп жүргенін естіп, «Ол қыз айта берсін. Ол да Сырдың қызы ғой» деп батасын берген екен», – дейді Жеңіс Ысқақова.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты
Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)
Танымал тележүргізуші Баян мен Тұрсынғалиді “жыл жұбы” деп атады (видео)
Димаштың Селин Дионның әнін орындаған видеосы пайда болды (видео)