Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова құда-құдағиының дәрігер екенін айтып мақтанды

Тұңғышын үйлендіріп, ене атанған Жеңіс Ысқақова келіні мен құда-құдағиы жайында айтып берді. Әнші жаңа түскен келініне риза екенін тілге тиек етіп, оны асыра мақтады.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Ұлым Айбатыр ең бірінші Каринамен танысқан кезде: «Мама, қызым бар. Жақсы көріп қалдым. Мінезі сізге ұқсайды. Сіз сияқты ашық, жарқын және де өзін ойламай бірінші жан-жағын ойлап жүретін қыз. Туған-туысқан, бауыр, дос – бәрін ойлап жүреді. Маған сонысы ұнады. Егер де өзін емес, жан-жағын ойлайтын адам болса, ол ертең жақсы әйел болады деп ойлаймын», – деп балам Карина туралы маған 6 жыл бұрын айтқан болатын.

Сонда 6 жыл бұрын екеуі танысып, менің балам шетелге оқуға барып, Каринам баламның оқуына кедерге болмай, Алматыда күтіп, оқуын бітіріп келген соң бір жыл жұмысының жемісін маған көрсетіп, содан кейін той жасатып отыр. Сондықтан да келініме ризамын. Алла Тағала осы балаларымның махаббатын мәңгілік етіп, сезімдерін пәк етсін”, – дейді Ысқақова ағынан жарылып.

Ене атанған әнші құда-құдағилары жайында сөз етті. Ол жаңа туыстарының ақ халатты абзал жандар екенін айтып мақтанды.

“Келінім осы Алматы қаласының тұрғыны, түбірі құдам Павлодар жақтан, Екібастұздан, құдағиым Қарағанды жақтың тумасы. Енді бөліп жарудың қажеті жоқ, бәріміз бір қазақпыз. Бірақ Алла Тағаланың алдында ризашылығымды айтқым келеді.

Менің құдам мен құдағиым мына аласапыран өмір бұзбаған, жүректері таза, нағыз Кеңес үкіметінің дәрігерлері. Бүкіл еңбегін, білімін халыққа арнап жүрген кісілер – Мәмбет Айтбайұлы Нұралиев, көп кісілер білуі мүмкін. Өйткені бұл кісі бүйрек ауруларының шебері. Ал Гүлнұр құдағиым осы Мәмбет құдамның жұмысына кедергі болмасын деп үйде бала бағып отқан білімді, білікті педиатр, бала дәрігері. Менің өте жолым болды. Ертеңгі күні немерелерімнің дәрігері үйде”, – дейді құда-құдағиын мақтаған Ысқақова.

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобының әншісін полиция құрықтады

Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні жайлы фильмді көргенде ағыл-тегіл жылағанын айтты

Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді

“Мен нашар екенмін”: Айнұр Тұрсынбаева тағдырына жақындарын кінәлаған күндерін еске алды

Талқылау