Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова: Димаш – бәйгеден келген тұлпар, Қайрат – халықтың сүйіктісі

Жуырда қазақтың бұлбұлы Қайрат Нұртас пен Димашты салыстырып, жұртты шулатты. Осы орайда, Жеңіс Ысқақова, Ұлықпан Жолдасов сынды әншілер өз пікірлерін білдірді. Олар қос әншіні салыстырудың мүлдем орынсыз екенін айтып жатыр.

18722040_470641246607358_854451093197815808_n

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

«Қайрат осы күнге дейін бірде-бір конкурсқа барған емес. Десе де, ол бүгінде халықтың қалаулысы болып отыр. Екеуін өзара салыстыру да мүмкін емес. Димаш – кәсіби деңгейі жоғары, үлкен байқаулар мен бәйгелерден келген тұлпар. Ал Қайрат – тойдың заманында көтерілген халықтың сүйіктісі. Тойшыл қазаққа ырғақты әуендердің қажет екені өтірік емес», – дейді Жеңіс Ысқақова.

Ұлықпан Жолдасов сөзін қысқа қайырды. Кіндік баласының алар асуының әлі алда екенін меңзеді. «Димашымыз әлі жас қой. Ал Қайратқа не айтамыз? Бұл жерде сөз қылатындай ешнәрсе жоқ. Қайрат – ол Қайрат! Тау мен тауды салыстырған дұрыс емес. Екеуі де біз үшін биік» – дейді сазгер.

Мұнымен қатар, KeshYou қыздары да екі әншіні бірдей жақсы көретіндерін айтып өтті.


Жіберіп алмаңыз:

KeshYou әншісі түсірілім кезінде көлікті қатты айдап, оның иесінің зәресін ұшырды

Парвиз Назаров тойда ән салғаны үшін 5 мың АҚШ долларын сұрайды

Актер Санжар Мадиев Мақсат Үсеновке сес көрсетті

Сивидің меценат әкесінің 60 жас тойында әйгілі Arash ән салды (фото, видео)

Талқылау