Жеңілдетілген автонесиелерді іске қосу кезінде eGov.kz сайтының не себепті істен шыққаны белгілі болды
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" (ҰАТ) компаниясы жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасын қайта бастау кезінде eGov.kz порталының істен шығу себептері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Кеше, 6 ақпанда Өнеркәсіпті дамыту қоры autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автонесие беруді іске қосты. Пайдаланушылардың көптеп келуіне байланысты "ГТС" АҚ-мен бірге жүретін интернетке қосылудың бірыңғай шлюзімен қорғалған жеке қызметтерге сұраныстардың саны артты.
Шлюз электрондық үкімет циклін және басқа мемлекеттік жүйелерді қорғау үшін жоғары және қалыпты емес жүктемелер кезінде "сақтандырғыш" ретінде әрекет етеді. Өтініштердің көптігі электронды үкіметтің интернет-трафикін бұғаттауға алып келді және интернеттен "ҰАТ" АҚ сүйемелдеуіндегі ресурстар қолжетімсіз болып қалды", – деп хабарлады ҰАТ.
Компания autonesie.kz порталын енгізу мен іске қосуды қор өз бетінше, консультацияларсыз, ҰАТ-тың инфрақұрылымдық және техникалық қолдауынсыз жүзеге асырғанын айтты. Бұл ретте, пайдаланушының өтініштеріне қол қоюға арналған электрондық мемлекеттік қызметтер қалыпты режимде жұмыс істеді және порталдың жұмысына әсер еткен жоқ.
"ҰАТ" АҚ басшылығы электрондық үкімет порталын пайдаланушылардан туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Сонымен бірге, электрондық үкімет инфрақұрылымының операторы ретінде жеңілдітілген мемлекеттік бағдарламалардың келесі іске қосылулары кезінде ұқсас жағдайды болдырмау үшін мүдделі тараптарға көмек көрсетуге дайын екенін білдіреді", - деді компания.