Женевада сантехниктер кәріз құдығынан 10 мың евро тауып алды
Швейцариялық прокурорлар UBS Group AG қаржы холдингі бөлімінде белгісіз адамның неліктен 10 мың евроны унитазға ағызып жібергенін анықтап жатыр.
Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Бастапқыда 500 евролық банкомат номиналдары бірнеше ай бұрын банктің сақтау қоймасының қасындағы дәретханадан табылған. Бірнеше күн өткен соң купюралар жақын орналасқан үш мейрамхананың дәретханаларынан табылады.
Полицейлер көптеген қағаз ақшаның пышақпен қиылып тасталғанын байқапты.
“Швейцарияда ақшаны қиқалап тастау қылмысқа жатпаса да біз тексерісті бастадық. Өйткені, мұның артында бір жағдай тұрған болуы мүмкін”, – дейді прокуратура.
Оқи отырыңыз:
Электр қуатына жалғанып тұрған смартфонды пайдаланған қыз көз жұмды
Германия тұрғындары көше ортасында намаз оқығандарды айыптап жатыр (видео)
Бетіне қышқыл төгілген ару жаңа келбетімен жұртты таңқалдырды (фото)
Ғалымдар қандай ер адамдардың опасыздыққа бармайтынын анықтады