Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеңбесе де, сыйлаңызшы": Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасады

Фото: Stan.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасап, ой тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, кәсіпкер Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынына уәде берген еді. 

“Тұрсен ағай! Қайратымыз бізге жеңіс сыйламаса да көліктеріңізді сыйға бере беріңізші! Олар қолдан келгенше, бар күш жігерін жұмсады! Шын тырысты! Бір қуанып қалсыншы”, – деп жазды әнші.

Одан кейін стадионда тыныш отырған жанкүйерлердің іс-әрекетін сынады. 

“Түнімен бір сұрақ мазалады: Неге стадион тыныш, үнсіз отырды? Әлі жанкүйер болуды білмейтін болып тұрмыз ғой. Қоңыр киім киіп, телефонға түсіруді қатырдық. Бірең-сараң ғана сары түс болды. Ту туралы айтпай ақ та қояйық. Біз ұтылдық. Бұл – біздің айна. Қай деңгейдеміз, қай жаққа өсу керек екеніміздің көрсеткіші. 1902 жылдан бергі Реалдың кәсібилігіне төтеп берген жап жас “Қайрат” мықты! Болашақ жарқын! Боранбаев Қайрат Советайұлына алғыс!”, – деп жазды өнер иесі. 



Еске салайық, кәсіпкердің беретін көлігінің маркасы анықталған еді. 

"Алға, Қайрат!" деген жазумен қаз-қатар тізілген көліктердің Hyundai Sonata екені анық байқауға болады. Еліміздегі бұл көліктердің құны шамамен 15 290 000 теңгеден басталады. Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов "Қайрат" футбол клубы "Реал Мадридті" жеңетін болса, осы темір тұлпарларды әр ойыншыға сыйға тартуға бекініп отыр. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 15:09
Талқылау