Моңғолияда үш мың адам митингке шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Моңғолияда үш мың адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп митингке шықты. Олар үкіметті сыбайлас жемқорлық, ауаның ластануы мен жол кептелісі, салықтарды азайту мәселелерін шеше алмады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі news.mn порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: news.mn
Митинг ел астанасы Ұлан-Батырдағы Сухе-Батор орталық алаңында өтті.
Моңғол бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық жергілікті уақыт бойынша таңғы 11-де басталып, он сағатқа созылған. Дегенмен билік оны тек 17:00-ге дейін өткізуге рұқсат берген.
Сондай-ақ кейбір наразылық білдірушілер алаңда орналасқан үкімет сарайына шабуыл жасамақ болған. Бірақ полиция арнайы күштері оларды қуып жіберген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген