Желіде заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы ақпарат тарады: Полиция жағдайға пікір білдірді
Полиция журналист Михаил Козачковтың арнасында тараған құқық қорғаушы Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: aigulorynbek_kz Instagram-парақшасы
Шымкент қалалық полиция департаменті құқық қорғаушы туралы ақпараттың шындыққа жанастпайтынын айтады.
"Айгүл Орынбекті Шымкент қалалық ІІБ ұстамағанын хабарлаймыз", – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында құқық қорғаушы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбектің ұсталғанын хабарлаған еді.
"Бүгін блогер Айгүл Орынбектің ұсталғанын Шымкенттен жазып жатыр. Қазір ол полицияда", – деп жазды ол.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді