Желіде жолбарыстың қала ішінде жүргені туралы ақпарат таратқан теміртаулық жауапқа тартылды (видео)
Теміртау тұрғындары қаладағы шағын аудандардың бірінде жолбарыс емін-еркін жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде жолбарыстың қаланы кезіп жүргені түсірілген видео кең тарады. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде ақпаратты таратып, қауіп барын ескертті.
Аталған ақпаратқа Қарағанды облысының полиция департаменті жауап берді. Полиция мәліметінше, видеоны жергілікті тұрғын таратқан.
"Теміртау қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты", – делінген хабарламада.
Полиция жалған ақпарат таратқан кез келген адам жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Сондай-ақ ақпаратты таратпастан бұрын оның дұрыстығын тексеруге шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Jurttyń balasy Youtube-арнасының авторына референдум туралы жалған ақпарат таратты деген айып тағылған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды