Желіде танымалдыққа ие болған қазақстандық саяхатшы әжей Меккеде жоғалып кеткен
82 жастағы Лена Тоқсанбаеваның туыстары қазақстандық қажылардан әжейдің жоғалып кеткені туралы хабарлама алып, әбігерге түскен, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оны Меккеге жалғыз жібергеніміз үшін қатты өкіндік. Бұл кезде уақыт тоқтап қалғандай болды. Қажылардан әжеміздің табылған-табылмағаны жайлы қайта-қайта сұрап отырдық. Ешкім жауап бермеді. Есіміз шығып, жергілікті компания өкілдеріне хабарластық. Біреулері табылды десе, басқалары әлі табылмағанын айтып жатты. Ойымыз сан саққа жүгірді», – деп жазды туыстары әжейдің instagram желісіндегі парақшасында.
Лена Тоқсанбаев іздеушілер 40 минут ішінде тауып алған. Туыстары бәрі дұрыстығына көз жеткізу үшін, бірден әжеймен хабарласыпты.
«Елімізге, отанымызға, жанымызға тезірек аман-есен оралса екен», – деп түйді әжейдің туыстары.
82 жастағы алматылық әжей 20 адаммен бірге Меккеге аттанған. Олардың бәрі қазақстандық зейнеткерлер екен.
Лена Тоқсанбаева бірнеше жылдан бері балалары және немерелерімен бірге әлемді аралап жүр. Немересі Айдын Тоқсанбаев әлеуметтік желіде саяхаттап жүрген кездерінің суретін жариялағаннан кейін, әжей желіде танымалдыққа ие болған. 82 жастағы зейнеткер Лондон, Таиланд, Франция, Испания және басқа да мемлекеттерді аралаған.
Оқи отырыңыз:
Маңғыстау облысының әкімі жол апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты
Желіде қазақстандық көгілдірлердің көңіл көтеріп жатқан кездегі видеосы тарап кетті (видео)
Алматы облысы тұрғыны бірнеше ай бойы әйелін үйде қинап ұстап, жәбірлеп келген